Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Мен сайлауға түсемін

Опубликовано:

Қазақстандағы сайлау: Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылуға қатысты пікір білдірді. Ол өзіне артылған асқан жауапкершілікті қазірден бастап, сезініп жатқанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: ehonews.kz
Фото: ehonews.kz: Facebook
"Құрметті Елбасы, құрметті делегаттар, жолдастар! Ең алдымен маған зор сенім артқан, үміткер етіп ұсынған Елбасыға шын жүректен алғыс айтамын. Мемлектіміздің маған артқан жауапкершілігін сезінемін. Сол себепті, сенімді ақтау үшін, бар қажыр-қайратымды жұмсайтын боламын.
Елбасымыз Тәуелсіз Қазақстанды, Отанымызды сақтай біліңдер деді. Әр қазақстандықтың жүрегіне жол тапқан сөз де менің де ұстанымым болады. Бағытымыз айқын. Ел тәуелсізідігін сақтау алдымыздағы басты парызымыз" , - деді Тоқаев.
"Елбасы Назарбаев іргесі берік, өзегі мықты, уақытты мемлекет құрды. Тұрақтылық пен татулықтың арқасында, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы дүниежүзі өкілдерін басын қосып, жаһандық орталықтьардың бірі ретінде қалыптасты. Осының бәрі тегеурінді тұлғаның еңбегі екенін дана халқымыз біледі. Жеңісті, жемісті жолды жалғастыру – менің басты парызым", - деп ағынан жарылды Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Мен сайлауға түсемін" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1790553-tokaev-men-sajlauga-tsemin/

pixel