Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Nur Otan съезінің соңында көзіне жас алды (видео)

Опубликовано:

Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде қорытынды сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев көзіне жас алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Өз сөзінде Елбасы Қазақстан тағы бір маңызды кезеңнің алдында тұрғанын атап өтті.

"Құрметті отандастар, қадірлі партиялық әріптестер, бүгінгі басқосуға себеп болған басты мәселені қарап, бір шешімге келдік. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдағандарыңыз үшін, шын алғысымды білдіремін. Нұр Отан көш бастап келе жатқан ең ірі саяси ұйым.
Біздің мақсатымыз ел тұрғындаырының жағдайын жақсартып, қоғамды одан ары өркендету. Барлық елдермен салыстырғанда біз үлкен де, кіші де мемлекет емеспіз. Мынау кеңістіктегі жағдайымыз қиын да, оңай да екі жағдай да бар. Осындай заманда артта қалмау үшін, басқа елдің шаңын жұтпау үшін, бірлік керек. Бірақ біздің жағдайымызда керауыздарға сөз беріп қойсақ, елдіктен айрыламыз, тәуелсіздіктен жұрдай боламыз", - деді Елбасы.

Елбасы съезд аяқталып, Бекболат Тілеуханның "Елім менің" әні орындалған сәтте көз жасына ерік берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1790558-nazarbaev-nur-otan-sezini-soynda-kzine-zas-aldy-video/

pixel