RU
Назарбаев өкілеттігін тапсыру шешімін қалай қабылдағанын айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев өкілеттігін тапсыру шешімін қалай қабылдағанын айтты

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде өкілеттілігін тапсыру шешіміне қалай келгенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев, фото: NUR.KZ

Нұрсұлтан Назарбаев, фото: NUR.KZ

Назарбаев аталмыш шешімге үш жылдың ішінде келген.

"Егер мен өзімнің соңымнан халқым мақтанатындай жұмыстар атқарып кетсем, онда мен бақытты саясаткермін. Өздеріңіз білесіздер, президент өкілеттігін тапсыру деген шешім – бір айда қабылдана салатын оңай шешім емес. Қазір міне дұрыс шешім қабылдағанымның куәсі болып отырмын.
Сіздермен бір құпияммен бөлісейін бе? Мен бұл шешімді үш жыл бойы ойластырдым. Өткенді сараптап, болашаққа бағдар жасадым. Өзіммен бірге жүрген әркімге үмітпен, сеніммен қарадым", - деді тұңғыш президент.

Елбасы алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.

"Тоқаевты президент етіп сайлап, оған қолдау көрсетейік. Баршаларыңызға мықты денсаулық, балаларымызға жарқын болашақ тілеймін", - деп сөзін қорытындылады Назарбаев.
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel