RU
Тоқаев президент қызметінде немен айналысатынын айтты

Тоқаев президент қызметінде немен айналысатынын айтты

Рассказать Вконтакте

23 сәуір күні Nur Otan партиясының кезектен тыс 19-съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлауға дайындығы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Аса қадірлі Елбасы, съезд делегаттары, мен Елбасына мені Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде ұсынып, үлкен сенім білдіргені үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді.
Мен еліміздің іргесін қалаушы, ұлы тұлғаның маған жүктеген жауапкершілігін өз жүрегіммен сезінемін. Сол себепті, артылған сенімді ақтау үшін барлық күш-жігерімді жұмсауға дайынмын", -деді Тоқаев.

Сонымен қатар, ол тәуелсіз Қазақстанды, отанымызды қорғауға уәде берді.

"Мен тұңғыш президент, Елбасының елімізді жан-жақты дамытуға бағытталған стратегиялық бағытын жалғастыру үшін сайлауға барамын.
Біздің көшбасшымыздың саясаты сабақтастығын қамтамасыз етудегі өз міндетімді көремін. Біз бес институционалдық реформа мен Ұлт жоспарын, Елбасы әзірлеген басқа да стратегиялық құжаттарды іске асыруды жалғастырамыз.
Біздің партия Елбасының әлеуметтік әділеттілікке, прогресс пен дамуға қол жеткізу бағытын табанды әрі тиімді жүзеге асыратын болады.
Біздің көшбасшы бастаған үшінші жаңғыру елді барлық салада, технология, білім, кәсіп және әлеуметтік қамтамасыз ету аясында динамикалық дамуды қамтамасыз етеді",- деді ол.

Тоқаевтың бағалауы бойынша, алдағы сайлау билік пен қоғам арасындағы тікелей жемісті диалогқа, жалпы Қазақстанның саяси жаңғыруына жаңа серпін береді.

"Nur Otan партиясы біздің көпұлтты қоғамымыздың бірлігін нығайтуға елеулі үлес қосып, бүкіл халықты Қазақстан дамуының игілікті мақсатына жетелейтініне сенімдімін.
Өз тарапымнан қажырлы және адал еңбек етіп, біздің мемлекетіміз бен халқымыздың мүддесіне адал қызмет етемін деп сендіремін", - деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді. ОСК болжамы бойынша 11 млн-нан астам адам дауыс береді. Олар кәмелетке толған, белсенді сайлау құқығы бар, сотталмаған, әрекетке қабілетті азаматтар.

"Бірақ тізімдегі динамикалық көлем. Бұл 1 қаңтардағы көрсеткіш. 1 мамыр мен 1 маусым аралығында ол өзгеруі мүмкін, өкінішке орай қайтыс болған адамдар болады. Осы уақытқа қарай біреу кәмелеттік жасқа жетуі мүмкін",-деді кеше ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel