RU
"Қияр партиясы": Алматылық жігіт президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Қияр партиясы": Алматылық жігіт президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде өзін "Қияр" партиясының төрағасы ретінде таныстырған алматылық жігіттің видеосы тарап кетті. Сергей Ахметов өзінің сайлауға түсетінін айтып, әзіл арқылы жұрттың саяси науқанға деген қызығушылығын арттырмақ болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Видеодан кадр/ insta_prikoly, dni.ru

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Видеодан кадр/ insta_prikoly, dni.ru

Қалжыңға толы видео @insta_prikoly парақшасында жарияланған. Онда қазақ тілінде судырата сөйлеген орыс жігіті жаңа партия ашқаны туралы хабарлаған.

"Құрметті, отандастар! Алдымызда сайлау келе жатыр. Өздеріңіз білесіздер, біздің жаңа "Қияр" партиясының төрағасы ретінде өз-өзімді сайладым. Біздің атқарып келе жатқан жұмысты өздеріңіз көріп жатырсыздар. Өткен 2018 жылы біз екі шаршы метр асфальт салдық, бірнеше ағаш ектік. Ол жұмыстың бәрін өзіңіз көріп жатырсыздар.Алда келе жатқан сайлауда мен өздеріңізден қолдау сұрап, өзімнің кандидатурамды қолдау туралы ұсыныс жасайын деп жатырмын",- деді ол.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары күлкіге әбден қарық болып, лүпілдерін аямаған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
1
0
20
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel