RU
NUR.KZ журналисі Ирина Бекетованың өліміне қатысты сот үкімі шықты
Жаңалықтар Қоғам

NUR.KZ журналисі Ирина Бекетованың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 23 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотында Nur.kz порталының Астанадағы тілшісі болған Ирина Бекетованың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Журналисті соққыға жыққан Анатолий Гусеинов 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот залында оның қолына кісен салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Анатолий Гусейнов. Фото: елодалық полиция департаменті. Ирина Бекетова. Фото: Facebook

Анатолий Гусейнов. Фото: елодалық полиция департаменті. Ирина Бекетова. Фото: Facebook

Гусеинов ҚР ҚК 106-бабы 3 тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Айта кетейік, былтыр Ирина Бекетованың азаматтық некедегі жолдасы Анатолий Гусеинов оны подъезде соққыға жыққан болатын.

Қатты соққы салдарынан журналист оқиға орнында көз жұмды.

Иринаның артында кәмелетке толмаған төрт баласы қалды.

Сот Анатолий Гусеинов Ирина Бекетованың анасы мен төрт баласына бір миллион теңгеден өтемақы төлеу керек деп шешті. Сонымен қатар, сотталушы өзге де шығындарды өтейтін болды. Судья жәбірленуші тарапқа азаматтық іс аясында материалдық шығындарды өндіруге болатынын түсіндірді.

Айта кетейік, Ирина Бекетованың денесіне эксгумация жасалған болатын.

Сот-медициналық сараптамасы Иринаның мойын және қабырға сүйектері сынғанын дәлелдеді.

Осыған орай судья Әділет министрлігіне қарасты сот-медициналық сараптама орталығының сарапшысы Иринаның денесіне алғашқы кезде тиісті деңгейде сараптама жасамағаны үшін жеке анықтама шығарды.

Сонымен бірге, қылмыстық іс жүргізу процестерінде заң бұзушылықтарға жол берген астаналық полиция қызметкеріне қатысты жеке анықтама шығарылды.

Оған шара қолдану жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшылығына ұсыныс жасалатын болды.

Тараптар алдағы 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel