RU
Жарына сыйлық берген Өмірқұл Айниязов көпшіліктің алғысына бөленді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жарына сыйлық берген Өмірқұл Айниязов көпшіліктің алғысына бөленді

Рассказать Вконтакте

Отандық эстраданың жұлдызы Өмірқұл Айниязовтың жары Фарида Айниязованы құттықтаған сәті желіде пайда болды. Дәстүрлі ән өнерін жаңғыртып жүрген әншінің бұл әрекетіне көпшілік жоғары бағасын берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Видео әртістің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Бақыт - бақытты сәттерден тұрады. Әр уақытымыз аяулы, бар бақытымыз баянды болсын. Барлықтарыңызға бақыт тіледім", - деді әнші роликтің астындағы жазбасында.

Кадрдан Айниязовтың жарына бір шоқ гүлмен келіп, бағалы сыйлық сыйлағанын байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандары "керемет", "әйелі осы сыйлыққа лайықты", "ер азаматқа лайықты іс", "жарайсыз" деген сынды пікірлерін қалдырды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel