RU
"Таң қалмадық": Елордалықтар Тоқаевтың сайлауға түсетінін қалай қабылдады?
Жаңалықтар Қоғам

"Таң қалмадық": Елордалықтар Тоқаевтың сайлауға түсетінін қалай қабылдады?

Рассказать Вконтакте

Нұр-сұлтан тұрғындары қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауына түсетінін жылы қабылдады. Елордалықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың да сайлауға түсетініне үмітті болғандарын жеткізді. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

24.04."Таң қалмадық": Елордалықтар Тоқаевтың сайлауға түсетінін қалай қабылдады?

24.04."Таң қалмадық": Елордалықтар Тоқаевтың сайлауға түсетінін қалай қабылдады?

Бас шаһар тұрғындарының көпшілігі аталмыш тарихи шешімге оң баға берді.

Олардың сөзінше, ел президенті қызметіне Қасым-Жомарт Кемелұлы әбден лайық кандидат екен.

"Съезде Тоқаевты ұсынғанын естідік. Меніңше дұрыс шешім", "Өте парасатты, салмақты адам", "Президент болуға әбден лайық жан", «Қос қолдап қолдаймыз", -деп пікірлерін ортаға салды олар.

Блиц-сауалнамаға қатысқандардың кейбірі Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауға осы жолы да түсетініне сенімді болғандарын жеткізді.

"Назарбаев қайта сайлауға түседі деп ойладық. Желіде көзіне жас алғанын көріп, тіптен жүрегіміз ауырды. Қазақ тарихындағы тау тұлға, орнына қандай президент келсе де, Назарбаевтың орны ерекше сөзсіз", - деді бір топ елордалық қариялар.
"Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну туралы шешімді қалай қабыл алдыңыздар?" деген сауалға елордалықтар "Таң қалмадық", "Президент болып келгеніне аз ғана уақыт болды, түсетінін білдік", «Байыпты адам, елді жақсы басқаруы тиіс" деген сынды жауап берді.

Блиц-сауалнамаға қатысушылардың бірқатары сайлауда Дариға Назарбаеваның түсетініне сенімді болғанарын айтып қалды.

"Назарбаева түседі деген ой болды", "Бүгінге дейін солай ойладық", "Дариға Назарбаева түсе ме деп болжадық", "Сенат төрағасы ретінде құқығы болғандықтан, Назарбаева да түсуі керек еді", - деп жауап берді респонденттер.

Нұр-Сұлтандықтардың арасында партия атынан түсетін кандидаттардың ішінде Бауыржан Байбек пен Әсет Исекешевтің де сайлауға түсетініне үмітті болғандар табылды.

"Әсет Өрентайұлы да мықты кандидат болар еді", "Байбек бола ма дедік", "Жас кандидаттар түсетін шығар деп сендік, бірақ Тоқаевты ұсыныпты, ол кісі де жаман кандидат емес", - деп жауап берді елордалықтар.
Сіздің реакцияңыз
9
1
1
0
1
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel