RU
Ақтөбеде өмір бойына сотталған адам 70 жастан асқанда түрмеден шықты
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде өмір бойына сотталған адам 70 жастан асқанда түрмеден шықты

Рассказать Вконтакте

Михаил Козлов қазір Ақтөбедегі қаңғыбастар үйін паналап жүр. 74 жастан асқан қария өмір бойына бас бостандығынан айрылып, жастық шағын абақтыда өткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде өмір бойына сотталған адам 70 жастан асқанда түрмеден шықты

Михаил Козлов. Фото: KAZ.NUR.KZ

Қаңғыбастардың қатарында жүрген ақсақал әлеуметтік орталықтың бұрышында бір нүктеге қадалып отырып, уақытын өткізеді екен.

«Соғыс жылдарынан кейін жағдай қиын болды. Осылай болды.

Қыдырдық, өмір көрдік. Әртүрлі баппен жауапқа тартылдым.

Мен қазір қай жыл екенін де ұмытып қалдым. Қазір осында тұрамын», - дейді Михаил Козлов.

Орталық басшысының айтуынша, өмірінің көп бөлігін түрмеде өткізген ер адам өте ашушаң көрінеді.

«Бұл кісі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен жауапқа тартылған. Қауіпті адам, өте ашушаң. Өткен жылы жасақпен осында әкеліп тастады.

Қолында ешқандай құжаты жоқ. Құжаты болмаған соң еш жерге жібере алмаймыз. Оны аурухана да алмайды.

Ресейде сотталып, Қазақстанға аударылған. Өмір сүруге құлшынысы жоқ. Тек уақытын өткізіп отырады», - дейді әлеуметтік орталық басшысы Сабырғали Дәулетов.
Сіздің реакцияңыз
2
1
10
36
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel