RU
"Өте қорқынышты": Оралда ыстық судың құбыры жарылып, жұрттың зәресін алды
Жаңалықтар Қоғам

"Өте қорқынышты": Оралда ыстық судың құбыры жарылып, жұрттың зәресін алды

Рассказать Вконтакте

Оралдың орталығында орналасқан үш метрлік бұрқақ жарылып, ыстық су жоғары қарай атқылады. Оқиғаға байланысты "Жайыктеплоэнерго" пікір білдірді деп хабарлайды Мой ГОРОД-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Мой ГОРОД

Фото: Мой ГОРОД

Куәгерлер оқиға орнынан видео жіберген.

Кадрдан Орал көшесінде жарылған ыстық судың жоғарыға қарай атқылағанын байқауға болады.

"Басында кішкентай ағын ғана болды. Содан кейін асфальт тесіліп су жоғарыға қарай көтерілді. Ыстық су бұрғақ болып жылдамдықпен атқылады. Қорқынышты болды", - деді куәгерлердің бірі.

Келеңсіз жағдай Мәметова көшесінде болған.

Оқиға орнына "Жайыктеплоэнерго" қызметкерлері де келді.

Компания өкілінің сөзінше, судың температурасы 40 градустан аспайды.

Фото: Мой ГОРОД

Фото: Мой ГОРОД

Аймақтың басшысы Айбар Молдағалиев бұрқақтың неге атқылағанын айтты.

"Бұл жерде беріктілікті тексеретін гидравликалық сынақтар болды. Қысым арқылы тексеру барлық орынның жарамайтынын көрсетті", - деді маман.

Ол судың ағысын тоқтатқандарын, барлық мәселерді шешетіндерін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel