RU
Өзбекстан басшысы Тоқаевты президенттікке үміткер болуымен құттықтады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Өзбекстан басшысы Тоқаевты президенттікке үміткер болуымен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалып, оның сайлауға үміткер болуымен жеке құттықтады. Бұл туралы Өзбекстан президентінің ресми сайтында жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Телефон байланысы кезінде Шавкат Мирзиеев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс сайлауда президенттікке үміткер болуымен құттықтады.

Өзбек басшысы өз әріптесіне аса маңызды саяси іс-шараны өткізуде сәттілік тілеген.

Анықталғандай, президенттер Тоқаевтың Өзбекстанға жасалған алғашқы мемлекеттік іс-сапарының нәтижесін жоғары бағалаған.

"Қазақстан президенті Өзбекстан басшысына құттықтауы мен игі тілектері үшін өз алғысын білдірген" , - деді хабарламада.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel