RU
БАҚ: "Ақ жол" президенттікке үміткер ретінде әйел адамды ұсынбақ
Жаңалықтар Саясат және экономика

БАҚ: "Ақ жол" президенттікке үміткер ретінде әйел адамды ұсынбақ

Рассказать Вконтакте

БАҚ беттерінде "Ақ жол" партиясының алдағы кезектен тыс президенттік сайлауға үміткер ретінде әйел адамды ұсынбақшы екені жайлы ақпарат пайда болды. Партияның таңдауы мәжіліс мүшесі Дания Еспаеваға түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дания Еспаева. Фото: akzhol.kz

Дания Еспаева. Фото: akzhol.kz

Zakon.kz сайты өз дереккөзіне сүйене отырып, президенттікке алғаш әйел үміткер болып "Ақ жол" партиясының өкілі Дания Еспаева болатынын мәлімдеді.

Ашық дереккөздерден алынған ақпаратқа сәйкес, Дания Мәдиқызы 1961 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Жоғарғы білімін растайтын бірнеше дипломы бар.

Еңбек жолын Ақтөбе облысындағы КСРО мемлекеттік банкінің басқармасындағы несиелендіру бөлімінде экономист болып бастаған.

Банк жүйесінде 1982 жылдан бастап жұмыс істей бастаған. Бұл саладағы жалпы еңбек тәжірибесі 34 жылды құрайды.

Басқа жылдары бірқатар қазақстандық банктердің филиалдарында басқарушы қызмет атқарды.

Екі мәрте облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды. "Атамекен" кеңесінің ақтөбелік филиалдың басқарма мүшесі болып табылады.

14 жылдан астам уақыт бойы облыстық әкімдік аясындағы жанұя мен әйелдер ісі бойынша комисси мүшесі болған. Ақтөбе облысының қоғамдық және саяси өміріне белсене араласқан.

Отбасылы. Екі ұлы мен екі немересі бар.

Бірнеше жоғары дәрежелі марапаты бар.

Сіздің реакцияңыз
14
2
0
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel