RU
"Өз заңдары бар": Ақтөбеде қаңғыбастар үйін паналағандар қалай өмір сүруде?
Жаңалықтар Қоғам

"Өз заңдары бар": Ақтөбеде қаңғыбастар үйін паналағандар қалай өмір сүруде?

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде қаңғыбастарға арналған әлеуметтік орталықтан пана іздеп келген маскүнемдер саны азайған емес. Әбден ішімдікке салынып, көше кезіп кеткендер мен өмірінің жартысын түрмеде өткізгендер осы жерде. Бұл туралы арнайы репортажды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақтөбеде қаңғыбастар қалай өмір сүріп жатыр?

Фото: KAZ.NUR.KZ

Туған баласы мен ағайынына да керек емес болып қалған 53 адам қаңғыбастар үйінде тұрып жатыр. Олардың үш мезгіл тамағы мен жылы төсегі дайын.

«Мұндай орталық керек. Үй-күйі жоқ, қаңғып жүрген 100 адамды далаға шығарып жіберсең, босып кетеді. Қайта күн жылынғалы адам азайып жұмыс жеңілдеді.

Қазір іште жатқандардың дені жұмыс жасай алмайтын мүгедектер. Жұмысқа жарамдылары кетті.

Ақтөбеде қаңғыбастар қалай өмір сүріп жатыр?

Фото: KAZ.NUR.KZ

Күн жылынғасын олар қаланың ішіне түнеп жүре береді. Ішімдікке салынып кеткен соң туыстары жолатқысы келмейді.

Тумаларына хабарласып, байланыса алмаймыз. Кейбірі есіктің алдына тастап қашып кетеді», - дейді әлеуметтік орталықтың басшысы Сабырғали Дәулетов.
Ақтөбеде қаңғыбастар қалай өмір сүріп жатыр?

Сабырғали Дәулетов. Фото: KAZ.NUR.KZ

Орталықтағы өмір басқаша. Бұл жақта абақтыдан шыққандар көп екен.

«17-20 жылын түрмеде өткізіп келгендермен жақындары байланыс жасағысы келмейді. Бұрынғы отбасылары бөлек шаңырақ болып кеткен.

Қазір бізде түрмеде отырып келген 20 адам жатыр. Өмірінің жартысын абақтыда өткізіп келгендердің дені 50-60 жастағы ересек адамдар.

Ақтөбеде қаңғыбастар қалай өмір сүріп жатыр?

Фото: KAZ.NUR.KZ

Олардың өз заңдары бар. Кейбіреулері бір-бірімен сөйлесуге, қол алуға болмайды деп тыйым салып жатады.

Сол себепті біз учаскелік полициямен тығыз байланыс жасап отырмыз. Олар үстерінен полиция қарап тұрғанға үйреніп қалған. Полиция келсе айқайлары басылады», - дейді орталықтың басшысы.
Ақтөбеде қаңғыбастар қалай өмір сүріп жатыр?

Фото: KAZ.NUR.KZ

Орталық басшылығы қаңғыбастардың құжатын түгендеп, қатарға қосуға бар күшін салуда. Бірақ нәтиже жоқ.

Ең өкініштісі, өмірге бейімделе алмай, ішімдікке салынып кеткендер қатарында қазақ азаматтары жүр.

Ақтөбеде қаңғыбастар қалай өмір сүріп жатыр?

Фото: KAZ.NUR.KZ

«Біз қанша тырысқанмен оларда ынта да, өмір сүруге құлшыныс та жоқ.

Осында жататындардың 80 пайызы қазақ. Кейде жастардың жүргенін көргенде жаның ауырады.

Қазір көшеден қисайып жүрген өзге ұлт өкілдерін көрмейсіз. Қайыр сұрайтын да, арақ ішітіндер де өзіміздің қандастар», - дейді Сабырғали Дәулетов.
Ақтөбеде қаңғыбастар қалай өмір сүріп жатыр?

Фото: KAZ.NUR.KZ

Алпысты алқымдаған кейуана да осы жерде жүр. 5 рет тұрмысқа шыққан. Қыздары үйге таласып, соңында ішімдікке салынған шешелерін үйден қуып жіберген.

Сіздің реакцияңыз
6
2
1
18
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel