RU
Отандық әзілкештер Зеленскиймен Киевтегі кездесулері туралы айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Отандық әзілкештер Зеленскиймен Киевтегі кездесулері туралы айтып берді

Рассказать Вконтакте

Қостанайлық әзілкештер Алмат Ысқақов пен Дархан Қорғамбеков Киевте қазіргі Украина президенті Владимир Зеленскийдің жылы қабылдағанын еске түсірді деп хабарлайды "Наш Костанай" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Владимир Зеленский, Алмат Ысқақов пен Дархан Қорғамбеков. Видеодан кадр

Владимир Зеленский, Алмат Ысқақов пен Дархан Қорғамбеков. Видеодан кадр

Жігіттер студенттік кезден бері КВН ойнаған.

Университетте білім алып жүрген уақытта Алмат пен Дархан "Камеди баттл" шоуының іріктеу кезеңінен өтіпті.

Алмат Ысқақовтың сөзінше, бұл 2016 жылы орын алған.

Жігіттер Мәскеу қаласына барып, ТНТ арнасындағы әзіл-оспақ шоуында өнер көрсеткендерін, өкінішке орай ақтық мәреге шыға алмағандарын айтты.

Бірақ оларды Киевтегі "Рассмеши комика" бағдарламасына шақырған.

Актер Владимир Зеленский сол кезде әділ-қазылар алқасының бірі болыпты.

Алмат пен Дархан өздерін лайықты дәрежеде күтіп алғанын, жол ақысы мен жататын орынға да ақы төленгенін еске түсіріп өтті.

"Ұйымдастырушылар белгісіз жігіттерге өз қаражаттары есебінен ақша жұмсауға дайын болса, медианың деңгейі қандай екенін біле беріңіздер", - деді Алмат Ысқақов.

Жігіттер өздері дайындаған нөмір көрсеткенде, Зеленский әзілдеріне күліп, саусағымен "тамаша" белгісін көрсеткен.

Әзілкештердің сөзінше, олар сол уақытта 5 мың гривен ұтыпты.

Қостанайлықтар Зеленскийдің жылы шырайлы, салмақты адам екенін және түсірілім бойы өзін жақсы ұстағанын айтты.

"Владимир Зеленский маған шыншыл адам болып көрінді", - деп есіне алды Алмат.

Қойылым соңында украиналық шоумен лайықты өнер көрсеткені үшін жігіттердің қолын алыпты.

Ол уақытта Алмат пен Дархан үш жылдан кейін Владимир Зеленскийдің бүкіл елді басқаратынын ойына да алмаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel