RU
"Олар алады, мен жабамын": Мақпал Жүнісова кімнің несиесін төлеп жүр?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Олар алады, мен жабамын": Мақпал Жүнісова кімнің несиесін төлеп жүр?

Рассказать Вконтакте

Отандық эстраданың жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова жақындары алған несиені жауып жүргенін мойындады. Әнші бұл жайында НТК арнасындағы Ревю бағдарламасында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ НТК

Фото: Видеодан кадр/ НТК

Халықтың ерке қызы ішерге асың болса, несиеге байланудың қажеті жоқ екенін алға тартты.

"Менің алып жатқан туысқандарым бар. Олар алады, мен жабамын. Екі-үшеуі алды, оны жауып бердім. Сосын алмаңдар деп айттым.
Неге кредит аласыңдар? Әлдеріңе қарап алмайсыңдар ма? Алдыңда жейтін наның бар ма, шайың бар ма, жыртық киім киіп жүрген жоқсың ба, соған Құдайға шүкір деңдер", -дейді Мақпал Жүнісова.

Эстрада жұлдызы көпшіліктің несиеге не үшін қызығатынын да жайып салды.

"Кредитті неге алады? Той жасаймын деп алады. Көлік мінемін дейді. Содан кейін сол кредитті жаба алмай, үйінен айырылып қалып жатыр. Байлыққа қызығып, мен де мінуім керек, мен де шуба киюім керек, мен де бриллиант киюім керек деген әңгімелер көп қазір. Оның ешқандай қызығы жоқ", -деді ол.
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
5
24
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel