Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТМККК-ның жаңа моделі және МӘМС пакеті туралы не білесіз?

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы ТМККК жаңа моделі аясында қандай қызмет түрлерін алуға болады және МӘМС пакеті нені қамтинын туралы хабарлады.

ТМККК-ның жаңа моделі және МӘМС дестесі

Сақтандырудағы медициналық көмек әрбір адамның өмір сүру деңгейін жақсартуға және болашақ ұрпақтың денсаулығына әсер ететін аурулардың алдын-алуға бағытталған. Бұл сирек, тұқым қуалайтын аурулар және ТМККК-ға кірмейтін басқа да аурулар.

ТМККК-ның жаңа моделі барлық санаттағы азаматтардың тең дәрежеде қол жеткізуін көздейді. АМСК-де шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсетуді, шешімін күттірмейтін медициналық араласуды талап ететін, әлеуметтік-маңызды ауруларды диагностикалау мен емдеу (туберкулез, АИТС-инфекция, психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы, қатерлі ісіктер), негзгі созылмалы жұқпалы емес аурулар, қайтымсыз мүгедектікке әкелетін және ең жоғары демографиялық шығын келтіретін, қоршаған орта үшін қауіпті жіті жұқпалы ауруларды емдеу қарастырылған.

Мысал, ТМККК оңтайландырылған моделі аясында келесі қызметтер қарастырылған: созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау, АМСК деңгейінде басқарылатын (25 топ аурулар), 12 маман-дәрігерлердің кеңесі, зертханалық диагностика (биохимиялық зерттеулер, онкомаркерлер-72қызмет) әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау мен емдеу, шұғыл түрде емделуге жатқызу (барлық санаттағы азамматтар) динамикалық бақылауға жататын негізгі созылмалы ауруларда жоспарлы стационарлық көмек көрсету, қоршаған орта үшін қауіп төндіретін және басқа да инфекциялық ауруларды емдеу.

МӘМС моделі өзіне сау ересек адамдарды алдын-алу мамандырылған тексеріс өткізу, алдын-алу мамандырылған медициналық скринингтік тексеріп-қарау және 18 жасқа дейін балаларды жылына 1 рет, тіс дәрігері қызметтері (18 жасқа дейінгі балаларға, мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы аналар) дәрігер-мамандардың қабылдауы, қеңес беру және емшара алу, созылмалы аурулары бар науқастардың дәрігер –мамандардың бақылауы АМСК деңгейінде динамикалық бақылауға кірмейтін (неврологиялық, эндокриндік, тұқым қуалайтын, ауруы, даму кемістігі, қан тамырларының ауруы, сүйек, буын, жарақат салдарлары, кейбір зат алмасудың бұзылуы және т.б.,) зертханалық зерттеу, оның ішінде қымбат тұратын (микроэлементтер, ферменттер, кейбір дәрілік заттар, гормондар, витаминдер, онкомаркерлер, аутоиммунды маркерлер, аллергендер, вирустық гепатит маркерлеріне, ПТР-диагностика), жоспарлы түрде стационар емдеуге сақтандырылған азаматтарды жатқызуды қамтиды.

ТМККК және МӘМС пакеттері кезең бойынша оңтайландырылатын болады және қызметтердің тиімділігін қайта қарастыру мүмкіндігі туады.

Осылайша, медициналық сақтандыруды енгізу, консультативтік-диагностикалық көмекке қол жетімділік, оңалту және оңалту көмегі, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің сапасы жақсарады, халық денсаулық жағдайы мен жалпы медициналық сауаттылықты және басқа да көптеген артықшылықтарды өзін-өзі бақылау дағдыларын меңгереді.

Азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында өздері таңдаған кез-келген клиникада медициналық көмекке ие бола алады. Бұл жағдайда барлық шығындар МӘМС арқылы толығымен қамтамасыз етіледі. Азаматтар кепілдік берілген тегін медициналық көмек пакеттерінде және МӘМС-тә көрсетілетін медициналық көмек үшін барлық қосымша төлемдерден босатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790718-tmkkk-ny-zaa-modeli-zne-mms-paketi-turaly-ne-bilesiz/

pixel