RU
Атақты Билл Гейтс түнгі клубта бес қызбен көңіл көтерді (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Атақты Билл Гейтс түнгі клубта бес қызбен көңіл көтерді (видео)

Рассказать Вконтакте

63 жастағы миллиардер Билл Гейтс Майамидегі түнгі клубтардың бірінде бес қызбен биледі деп хабарлайды СтарХит-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Билл Гейтс. Фото: bloomberg.com, TMZ видеосынан кадр

Билл Гейтс. Фото: bloomberg.com, TMZ видеосынан кадр

Басылымның жазуынша, отбасын жақсы көретін әлемдегі ең бай адамның бірі өзінің түнгі клубтағы әрекеті арқылы көпшілікті таңғалдырды.

Осы жылдың басында Билл Гейтстің көшедегі жылдам тамақтану орны алдында кезекте тұрған сәті желіде тараған болатын.

Ал өткен жұма күні миллиардер Майамидегі түнгі клубтың бірінде болған.

Ол жерде Билл Гейтс достарымен көңіл көтеріпті. Арасында би алаңына да шыққан. Осы сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алыпты.

Гейтс би қозғалысынан айналасында жүрген бес қызға "мастер-класс" көрсеткен. Жас сұлу бикештер өте ашық киімде болған.

Көңіл көтеру орнынан Microsoft компаниясының ірі акционері түнгі бірдің кезінде кетіпті.

Желі қолданушылары Гейтстің әрекетіне қаншама жыл тоқтаусыз жұмыс істегендіктен, ол қалай демалса да құқылы деп пікір білдірген.

"Ол барлығына өзі жетті және не істесе де өзі біледі", - деді оқырмандар.

Айта кетейік, кейінірек Билл Гейтстің клубқа спорттық жарыста жүлдегер атанған үлкен қызын құттықтау үшін келгені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel