RU
"Шаттықта кие бола ма?": Белгілі ақын Ғаділбек Жаңайдың хит әнін сынады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Шаттықта кие бола ма?": Белгілі ақын Ғаділбек Жаңайдың хит әнін сынады

Рассказать Вконтакте

Отандық бағдарламалардың бірінде белгілі ақын Айнұр Төлеу Ғаділбек Жаңайды аяусыз сынап тастады. Филолог әншінің "Ханшайымым" әніндегі қателіктерді тізіп берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

"Беу" бағдарламасына келген Ғаділбек Жаңай өз шығармашылығына қатысты қойылған сұрақтарға тосылмай жауап беріп, сынды қабылдауға дайын екенін көрсетті.

Осы кезде көркемдік кеңес мүшесі, ақын Айнұр Төлеу әншіден ханның, ханшайымның, ханымның айырмашылығын сұрады.

"Ханшайым деген ол-"принцесса". Ал бұл жерде сіз "ханшайымым-ау" дейсіз де, "ошағымның иесі" дейсіз. Бұл кішкене логикалық үйлеспейтін дүние. Бұл ақынға айтылатын нәрсе шығар", - деді ол.

Артынша филолог әннің сөзіндегі қателіктерді айтты.

"Бір сұрағым, шаттықта кие бола ма? Сіз шаңырағым мен шаттығымның киесі дейсіз. Шаңырақтың өзі киелі, шаңырақта кие болады. Ал шаттықта бола ма?

Алдағы уақытта осындай сұрақ қойсаңыз, мәтінге тамаша талдау жасай аласыз.

Қазақ тілінде сингармонизм деген заң болады. Орфоэпия. Яғни, жазылуы бөлек, айтылуы бөлек. Біздің тілде қалай жазылса, солай айтылмайды.

К-г әріпіне айналып кетеді. "Шаңырағым мен шаттығымның гиесі" деп айталды, соны ескеру керек, -деді ол.
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
1
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel