RU
Димаш Құдайбергеннің кішкентай кезіндегі суреттері көпшілікті сүйсінтті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайбергеннің кішкентай кезіндегі суреттері көпшілікті сүйсінтті (фото)

Рассказать Вконтакте

Ешкімде жоқ ерекше даусымен күллі әлемнің назарын аударған Димаш Құдайберген күн өткен сайын көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленуде. Оның әлеуметтік желіге жариялаған әрбір жазбасы тыңдарманның назарынан тыс қалған емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш instagram парақшасында кезекті суретін жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Әнші бұл жолы тыңдармандарымен бала күнгі суретімен бөліскен.

Ал желі қолданушылары бала Димашқа сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырды.

"Димаш, біз бала күнгі суреттеріңді көріп, сенің осындай данышпан, жақсы адам болып өскеніңе қуаныштымыз! Сені салт-дәстүрге, еліңе деген сүйіспеншілікке баулыған ата-анаңа, әжеңе таңданамыз",
"Өте сүйкімді. Сол бала күнінен ақылды болғанын көзіне қарап білуге болады", "Сүйкімді болған түріңнен. Кіп-кішкентай балақай, қәзір әлем таныған Димаш", - деп жазды оқырмандар.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel