RU
"Шындықтан құтылмайсың": Перуашев белсенділердің жазасын айыппұлмен алмастыруды сұрады
Жаңалықтар Қоғам

"Шындықтан құтылмайсың": Перуашев белсенділердің жазасын айыппұлмен алмастыруды сұрады

Рассказать Вконтакте

"Ақ жол" партиясының басшысы Азат Перуашев Алматы қаласында өткен марафонда плакат алып шығып, 15 күнге қамалған белсенділердің жазасын айыппұлмен алмастыруды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азат Перуашев. Фото: sputniknews.kz

Азат Перуашев. Фото: sputniknews.kz

Азат Перуашевтің бас прокуратурадан "Шындықтан қашып құтыла алмайсың" плакаты үшін Әсия Тулесова мен Бейбарыс Толыбековке қатысты сот белгілеген жазаның негізділігі мен дәлелділігін қарастыруды сұраған хаты партияның сайтында жарияланды.

"БАҚ беттерінде жазылғандай, сот бұл істі қарау уақытында мұндай әрекеттердің жазасын жеңілдетуге болатын бірқатар фактілерді негізге алмаған.

Бұл жерде марафонға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға қатысты сыйластық танытпағаны және құқық бұзушылық болғанына таласымыз жоқ.

Бірақ солай әрекет жасауға түрткі болған анық себеп – кез келген азаматтың конституциялық құқығы болып табылатын өзінің азаматтық ұстанымын білдірсем деген талпынысы екеніне мән берген жөн деп санаймын", - деді Перуашев.

Оның сөзінше, соттың қабылдаған жазасын бүгінгі қоғам жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін шектеу мақсатындағы шарасы деп бағалауы ықтимал.

"Баспасөз жарияланымдарына сүйенсек, мұндай заң бұзушылық алғаш рет орын алып отыр екен. Сол себепті соттың оларға жеңілдікпен қарауына сотталушылардың құқығы бар.
Осыған байланысты, кінәлі тұлғаларға ақшалай айыппұл салу дұрыс әрі орынды болар еді деп ойлаймын. Және салынған айыппұлды өтеп беруге өз басым дайын екенімді жеткіземін" . - деді "Ақ жол" партиясының басшысы.

Еске сала кетсек, кеше, 21 сәуір күні мегаполисте жыл сайынғы "Алматы марафоны" өтті.

Сайыс кезінде полиция қызметкерлері бірнеше құқық бұзушылық әрекеттерін тіркеді.

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
1
0
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel