RU
"Тараздықтар оңай емес": Меломендік жігіт ғашығына қалай қол жеткізді?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Тараздықтар оңай емес": Меломендік жігіт ғашығына қалай қол жеткізді?

Рассказать Вконтакте

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасұлы сүйіктісіне үйлену туралы қалай ұсыныс жасағанын айтты. Бүгінде екі баланың анасы атанған жары шоу-бизнес жұлдызына бірден жауап қатпаған көрінеді. Бойжеткен бір күн бойы ойланып барып, бір-ақ "иә" деген деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ғабит Бибасұлы сүйіктісімен көп жылдан бері таныс болған. Алайда, үйленер алдында бір жыл бойы ғана жақын араласып, кездескен.

"Ол ойлаған жоқ мен ұсыныс жасайды деп, ойламаған жерде айттым. Ол кәдімгідей ойланды.

Тараздықтар оңай емес екен. Біраз ойланып қалды. Ар жағынан қуанып тұрғанын да біліп қойдым.

Әрине жеке отырған кезде айттым. Оның бәрін егжейлі-тегжейлі айта беру шарт емес деп ойлаймын. Ол кішігірім отбасылық құпия. Қызықты сәттер есімде сол күннен, бірақ айтуға болмайтын тұстары бар" , - деді Ғабит Бибасұлы.

Оған қоса, әнші сүйіктісінің жауап беру үшін неше күн ойланғанын да жасармады.

"Бір күн ойланды. Бір күн кәдімгідей күттім. Ол әке-шешесімен ақылдасамын деді. Бәрі қазақи салт бойынша болды. Бірден айтқан ыңғайсыз шығар қыз балаға. Ер балаға ол қанша күтсе де тұрарлықтай дүние ғой. Ол кезде біз көп жылдан бері таныспыз, бірақ жақын араласып жүргенімізге бір жылдың шамасы болған" , - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel