RU
Шри-Ланкада тағы бір жарылыс болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шри-Ланкада тағы бір жарылыс болды

Рассказать Вконтакте

Шри-Ланкадағы жарылыстар ел астанасында жалғасын тауып жатыр. Бүгін кинотеатр маңындағы кезекті жарылғыш зат туралы ақпарат тарады деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, жарылғыш зат кинотеатр маңында тұрақталған скутерге бекітілген екен.

Құрылғыны жою үшін оны жаруға тура келіпті. Журналистер жарылыстың бақылауда болғанын айтуда. Толық ақпарат әлі белгісіз.

Бұған дейін хабарланғандай, пасхалық жексенбіде елдің әр бөлігінде болған сегіз жарылыстан 359 адам көз жұмды. Зардап шеккендер саны 500 адамнан асты.

Полицейлер теракт ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін деген 100 күдіктіні ұстады.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Шри-Ланкада Пасха мерекесін тойлап жатқанда алты жерде жарылыс болған. Артынша оқиға орнынан видео пайда болды. Елдегі жетінші жарылыс мемлекеттің батысында орналасқан Дехивал қаласындағы зоологиялық баққа жақын маңда орын алған. Ал сегізінші жарылыс ел астанасы Коломбо қаласының маңындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болды.

Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel