Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ержан Сәденов Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшысы болды

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтанның полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметке полиция полковнигі Ержан Сәденов келді деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ержан Сәденов
Ержан Сәденов: UGC

Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімен Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Сәденов Ержан Сапарбекұлы тағайындалды.

Оны жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұргымбаев пен қала әкімі Бақыт Сұлтанов таныстырды

Ержан Сапарбекұлы 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің жоғарғы мектебін бітірген.

  • Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған.

Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол.

Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалық полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, Маңғыстау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ішкі істер министрлігінің жедел департаментінің бастығы, көліктегі полиция департаментінің бастығы болып қызметті етті.

2016 жылғы маусымнан бастап ішкі істер министрлігі Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790762-erzan-sdenov-nr-sltan-policia-departamentini-bassysy-boldy/

pixel