RU
"Қазақ тілін үйреніп жүрмін": Тінекеев сайлауға қатыспайтын болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Қазақ тілін үйреніп жүрмін": Тінекеев сайлауға қатыспайтын болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы сайлау: Кәсіподақ федерациясының төраға орынбасары Мұхтар Тінекеев ұйымның бас кеңесінің отырысы кезінде маңызды мәлімдеме жасады. Шенеунік президенттік сайлауға қатысудан өз еркімен бас тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: hcbarys.kz

Фото: hcbarys.kz

"Менің сайлауға қатысуым, ұсынылуым мүмкін емес. Оған менің қазақ тілін білу деңгейім себеп. Мен білімімді толықтырып жүрмін, мемлекеттік тілді оқып жатырмын. Бірақ, "Сайлау жөніндегі" конституциялық заң үміткердің қазақ тілінде еркін сөйлеуін талап етеді. Сол себепті, мен сіздерге тағы да алғыс айтқым келеді. Бірақ, маған өз еркіммен бас тартуға рұқсат беріңіздер" , - деді ол.

Сонымен қатар, Тінекеев сол қалпы өз жұмыс орнында қалатынын жеткзді. Ол екі млн кәсіподақ мүшесінің қызығушылығын қорғауды жалғастыра бермек.

Айта кетейік, бұған дейін кәсіподақ федерациясының атқарушы комитеті сайлауға қатысуы мүмкін екі үміткерді қарастырып жатқанын жазған болатынбыз. Ұйым комитеті Мұхтар Тінекеев пен Амангелді Таспиховтың арасынан президенттікке кім үміткер болуға лайық екенін шешу керек болған.

Бүгін Мұхтар Тінекеевтің сайлауға түсуден бас тартуына байланысты, федерация атынан президенттікке үміткер болып Амангелді Таспихов ұсынылатын болды.

Таспихов Амангелді 1959 жылыдң 20 қарашасында Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтты инженер-механик мамандығы бойынша тәмәмдады.

Еңбек жолын алдымен Алматы машина жасау зауытынан бастаған. Индустрия және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің төрағасы, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіп комитеті төрағасы, парламент сенатының депутаты, мәжіліс депутаты, «ҚазқТрансГазАймақ» АҚ өндіріс бөлімінің директоры қызметтерін атқарды.

2019 жылдан бастап, кәсіподақтар ұйымының БҚО-дағы бөлімінің басшысы болып қызмет етеді.

«Құрмет» Орденімен және бірнеше мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel