RU
Ерлан Каналимов Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ерлан Каналимов Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болды

Рассказать Вконтакте

Ерлан Каналимов Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Бақыт Сұлтановтың орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Каналимов. Фото: astana.gov.kz

Ерлан Каналимов. Фото: astana.gov.kz

Ведомствоның ақпараты бойынша, ол әлеуметтік қорғау, ішкі және жастар саясаты, ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне жауапты болады.
  • Каналимов Ерлан 1982 жылдың 22 тамызында Целиноград қаласында туған.

Білімі жоғары, 2003 жылы Астана қаласының басқару институтын "экономист" мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2018 жылдың 20 наурызынан бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарды.

Әр түрлі жылдарда қалалық ішкі саясат басқармасын басқарып, Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі болды.

Ол ЕҚЫҰ саммитін ұйымдастыру және өткізуге қатысқаны үшін Қазақстан президентінің алғыс хатымен (2010), Қазақстан президентінің сайлауын өткізуге қатысқаны үшін президентінің алғыс хатымен (2015), "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл", "Ерен еңбегі үшін" медальдарымен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel