RU
Майя Бекбаева отандық арнаның директоры болып тағайындалды
Жаңалықтар Қоғам

Майя Бекбаева отандық арнаның директоры болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Майя Бекбаева "Kazakh TV" телеарнасының директоры болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ mayabekbayeva

Фото: Instagram/ mayabekbayeva

Журналист бұл жаңалықпен өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

"Құрметті достар, оқырмандарым! Бүгін мен үшін ерекше күн. Біздің министрлігіміз және "Хабар" Агенттігінің басшылығы мені "Kazakh TV" телеарнасының директоры қызметіне тағайындау туралы шешім шығарды. Бұл арнаға басшылық ету мен үшін үлкен абырой мен жауапкершілік! "Kazakh TV" арнасының дамуына жинаған тәжірибемді салуға дайынмын!",- деп жазды ол.

Желі қолданушылары телеарнаның жаңа басшысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Kazakh TV – еліміздегі тұңғыш ұлттық жерсеріктік телеарна. Бұл арна БАҚ ішіндегі алпауыт медиахолдинг "Хабар" Агенттігі" акционерлік қоғамының құрамына кіреді.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel