RU
Алматылық жігіт марафонда сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық жігіт марафонда сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда 21 сәуір жексенбі күні дәстүрлі марафон өтті. Бұл шара спорттық жетістіктермен қатар тұрмысқа шығу туралы ұсыныспен есте қалды. Іс-шараны ұйымдастырушыларының бірі Никита Кожемяко марафонға қатысушы Александра Тимошенкоға жүрегі мен қолын ұсынған деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Александра Тимошенко мен Никита Кожемяко. Фото Роман Егоров/time.kz

Фото: Александра Тимошенко мен Никита Кожемяко. Фото Роман Егоров/time.kz

Барлығы 42 шақырымды жүгіріп өткен жеңімпаздарды күтіп тұрған уақытта, сахнаға жас жігіт шығып, барша жұрттың көзінше марафонға қатысушы қыздардың біріне сезімін білдірді.

Никита Александрамен танысқаны үшін бақытты екенін, оны сүйетінін, сол себепті бойжеткенмен әрбір күнін бірге өткізгісі келетінін айтты.

"Бүгін мен саған өте маңызды сұрақ қоймақпын: "Менің әйелім боласың ба?", - деп сұрады алматылық жігіт.

Осыдан кейін ол бір тізерлей отырып, сүйіктісіне жүзігі бар қорапты ұсынды.

Фото: Александра Тимошенко мен Никита Кожемяко. Фото Роман Егоров/time.kz

Фото: Александра Тимошенко мен Никита Кожемяко. Фото Роман Егоров/time.kz

Александра мұндай ұсынысты күтпегендіктен, басында сасқалақтап қалды. Алайда өз-өзін қолға алып, келісімін берген.

Көпшілік ғашықтардың қуанышына ортақтасты.

Қалыңдық жігітінен мұндай ұсынысты тіпті, күтпегенін айтты.

Фото: Александра Тимошенко мен Никита Кожемяко. Фото Роман Егоров/time.kz

Фото: Александра Тимошенко мен Никита Кожемяко. Фото Роман Егоров/time.kz

Ер азаматтың сөзінше, ол сүйіктісін қалай таңғалдыруға болатыны жайлы ұзақ ойланған. Екеуі де жүгіруді ұнататындықтан, бойжеткенге марафон кезінде ұсыныс білдірмек болып шешкен.

Фото: Александра Тимошенко мен Никита Кожемяко. Фото Роман Егоров/time.kz

Фото: Александра Тимошенко мен Никита Кожемяко. Фото Роман Егоров/time.kz

Айта кетейік, қос ғашық 4 жыл бұрын "Медеу"-де танысқан екен. Кейіннен олардың туған күндері де бір күні, 17-і желтоқсанда екені анықталған. Тек олардың арасында үш жас айырмашылық бар.

Аталмыш ақпаратты көшіріп тарату тек" Время басылымының" рұқсатымен жүзеге асады

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel