RU
27 жыл комада жатқан келіншек ұлының даусынан оянып кетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

27 жыл комада жатқан келіншек ұлының даусынан оянып кетті

Рассказать Вконтакте

Бірікке Араб Әмірлігінің тұрғыны Мунира Абдулла 1991 жылы бас сүйек-ми жарақатын алып, комаға түскен. Араға 27 жыл салып, ол ұлының даусынан оянып кетіпті деп хабарлайды 1k.com.ua сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: thenational.ae

Фото: thenational.ae

Бұл туралы тілшілерге келіншектің ұлы Омар айтып берген. Оның сөзінше, 1991 жылы болған жол апатында анасы ұлын құтқарамын деп ми жарақатын алған екен.

Дәрігерлер ауруханаға жатқызудан бас тартқан соң Мунира біршама уақыт үйде болыпты. Ал ақ халаттылар келіншектің о дүниелік боларына кәміл сенген екен.

Ештеңеге қаймықпаған Мунираның жанұясы ақша жинап, келіншекті Лондонға алып барған. Британиялық дәрігерлер оның вегативті жағдайда екенін айтыпты. Яғни, жан-жағында болып жатқан нәрселерді түсінбейтін Мунира ауырсынуды сезінеді екен.

Осылайша, үйіне оралған Мунираны жанұясы түтікшемен тамақтандырып, физиотерапия жүргізіп отырған.

2017 жылы бұл отбасы туралы естіген Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы Мохаммед бен Заид оларға Германияда емделу үшін ақша бөлген. Неміс дәрігерлері келіншектің жағдайын жақсартқан соң ол 2018 жылы аздап дыбыс шығара бастаған.

Ал бірнеше күннен кейін Омар телефонмен сөйлесіп тұрғанда, анасы өз атын атап, шақырып жатқанын естиді. Дәрігерлер Мунираның жағдайы жақсарған соң ұлының даусын естуі оянуына септігін тигізді дейді.

Қазір Мунира жақындарымен сөйлесіп, дұғалар оқиды.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
2
24
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel