RU
"Адам болмайды деді": Артур Төлеповтың жары тұңғышын қалай босанғанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Адам болмайды деді": Артур Төлеповтың жары тұңғышын қалай босанғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Актер Артур Төлеповтың жұбайы тұңғышын дүниеге әкелу сәті аса ауыр өткенін айтты. Мадина Төлепова уақытынан ерте туған перзентімен бір айдай ауруханада жатуға мәжбүр болған. Жас ана перзентханадағы қиын кезең туралы оқырмандарына баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Төлепова Instagram парақшасында желі қолданушылардың ең жиі қойылған сұрағына жауап берді. Ол не себепті 30 күннен аса уақыт ауруханада жатқанын түсіндірді.

"Қайырлы кеш! Ал, күнделікті қойып жүрген сұрақтарыңыздың біріне жауап берейін бүгін! Жүктілігімнің 28 аптасы болатын, аяқ асты толғағым басталып кетті, ал босануға ешқандайда дайын емеспін.
Тек жүрегімде қорқыныш, көзімде жас, қасыма ешкімді кіргізген жоқ партнерскиға, толғақ 28 сағатқа созылды. Сонымен, 22-ші қаңтар Алланың қалауымен Абылайxан ұлымыз дүниеге келді.
Кеудеме жатқызған жоқ, тек даусын естіп үлгердім, дәрігерлер балалар жансақтау бөліміне алып кетті. 3 сағаттан кейін тұрып, балама бардым. Толғатып жүргенде бір дәрігердің айтқаны есімде "28 апта ол адам болмайды ғой деп" сол миымда қалып қалды. Қатты қорықтым, уайымдадым.
Дәрігеріміз "ешнәрсе айта алмаймын, жағдайы өте ауыр, тек уақыт керек" деген болатын. Аллаға шүкір медицина дамыған, күн сайын жағдайы жақсарып, салмақ қосып, батырым өмірмен күресті. Жеңді барлығын. Сіздердің де дұғаларыңыз бар. Аллаға сансыз шүкір, Қазір жақсы барлығы" , - деп жазды актердің жұбайы.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
6
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel