RU
Көпбалалы отбасыларға екі пайыздық ипотека қашан беріле бастайды?
Жаңалықтар Қоғам

Көпбалалы отбасыларға екі пайыздық ипотека қашан беріле бастайды?

Рассказать Вконтакте

Көпбалалы тұрмысы тұрмысы төмен отбасыларға ек-үш пайыздық жеңілдетілген ипотека мамыр айының соңына қарай беріле бастайды. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: scoopon.com.au

Фото: scoopon.com.au

Биыл ақпан айында өткен Nur Otan партиясының съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы екі-үш пайызбен тұрғын үй несиесін алудың жеңілдетілген тетігін даярлауды тапсырған болатын.

Жеңілдетілген ипотеканы көпбалалы жанұялармен қатар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар және кірісі төмен отбасылар алуға құқылы.

Мәжілістің бүгінгі отырысында ТҚЖБ өкілі екі пайызбен баспана несиесін алудың шарттары мен мерзімі туралы түсіндіріп өтті.

ТҚЖБ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова қазіргі уақытта қаржылық-экономикалық негіздеме жасалғанын алға тартты.

"Қазір ол экономикалық сараптамадан өтіп жатыр. Содан кейін қайтадан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына енгіземіз. Ұлттық экономика министрлігі мақұлдағаннан кейін, барлық тиісті құжатты рәсімдейміз", - дейді ол.

Жұбаниязованың сөзінше, әкімдіктер тізімде тұрғандар аясында көпбалалы аналардың және мүгедек балалары бар отбасылардың екі проценттік несиемен баспана алу мүмкіндігі бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама береді.

"Сол жолдама бойынша осы отбасылар біздің банктен кредит алу мүмкіндігіне ие болады. Біздің ойымызша, мамыр айының соңына қарай несие беруді бастаймыз", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel