RU
Иван Дычко 48 жастағы америкалық боксшыға қарсы шықпақшы
Жаңалықтар Қоғам

Иван Дычко 48 жастағы америкалық боксшыға қарсы шықпақшы

Рассказать Вконтакте

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Иван Дычко шаршы алаңға 10 мамыр күні оралады. 28 жастағы спортшы өзінен 20 жас үлкен америкалық боксшыға қарсы шықпақ. Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының "Вконтакте" желесіндегі ресми парақшасында хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Иван Дычко мен 48 жастағы америкалық боксшы Рэй Остиннің жекпе-жегі АҚШ-тағы Флорида штатына қарасты Голливуд қаласындағы Seminole Hard Rock Hotel and Casino ойын-сауық кешенінде өтпек.

Жекпе-жек алты раундтан тұратын болады.

Алдағы спорттық шара "жеңіліп көрмегендер кеші" деген атқа ие болды. Себебі, 10 мамыр күні болатын бокс кешінде жеңіліп көрмеген бірнеше боксшы жұдырықтаспақ.

Кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін Иван Дычко өткен жылдың маусымында өткізген болатын. Қазақстандық боксшы америкалық Морис Харристі бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel