RU
Австралияда әкесі мен ұлы туристі құтқармын деп көз жұмды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Австралияда әкесі мен ұлы туристі құтқармын деп көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Австралияда әкесі мен ұлы сингапурлық туристі құтқару кезінде қаза тапты. Бұл туралы iz.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: dailymail.co.uk

Фото: dailymail.co.uk

71 жастағы Росс Пауэлл мен оның 32 жастағы ұлы Энди және тағы бір құтқарушы Виктория штатындағы Порт Кэмпбелл ұлттық паркі маңында орналасқан Шербрук өзенінің сағасына жүзіп бармақ болып, ағысқа қарсы тұра алмаған туристі құтқаруға жөнелген.

Бір кезде олардың қайығы екі метрлік толқынның салдарынан төңкеріліп, үшеуі де суға кетеді.

Әкесі мен ұлы оқиға орнында көз жұмса, ал құтқарушы судан шыға алған. Ол аяқ жарақатымен ауруханаға түскен.

Сингапурлық турист те аман қалған. Ол өз күшімен жағаға көтерілген.

"Бұл жантүршігерлік оқиға. Олар біздің қауымдастығымыздың тұрақты мүшесі әрі менің достарым еді", - деді аудан басшысы Нил Троттер.

Ол марқұмдарға "қаһарман" атағы берілгенін айта кетті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel