RU
Алматыда қырғызстандық бұрынғы депутат 10 жылға сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда қырғызстандық бұрынғы депутат 10 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Алматықалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулын "шекарадан контрабандалық тауар өткізбек болды "және" трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты" деп айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі сот залынан.

Дамирбек Асылбек уулу. Фото: azattyq.org

Дамирбек Асылбек уулу. Фото: azattyq.org

Судья қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен барлығы 12 адамға үкім кесті. Оның ішіне 10 жылға сотталған Дамирбек Асылбекуулы жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болады.

Судья Бақытхан Бәкірбаев экс-депутаттың Қазақстанға бес жыл көлемінде кіруіне де тыйым салды.

Асылбекуулуның жазаны өтеу мерзімі 2018 жылдың 15 ақпанынан яғни алғашқы қамауға алынған сәтінен бастап есепке алынады.

Прокурорлар актісінде Асылбекуулуның 2016 жылы қарашада "депутаттық қызметін пайда табу және заңсыз баю мақсатына пайдаланып, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны" айтылған.

Прокурорлардың сөзінше, ол қылмыстық топты "Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге заңсыз тауар жіберіп тұру үшін басқарған".

Сот залынан фото: Zakon.kz

Сот залынан фото: Zakon.kz

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel