RU
Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апатында екі бала зардап шекті (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апатында екі бала зардап шекті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Сүйінбай даңғылында бір автобус пен төрт жеңіл көлік соқтығысып салдарынан автобуста болған балалар зардап шеккен деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото оқиға орнынан: zakon.kz

Фото оқиға орнынан: zakon.kz

Автобус Сүйінбай даңғылымен қала орталығына қарай келе жатқан. Бұл сәтте Toyota Avalon жүргізушісі тұрақтағы орнынан шыға бастаған.

Басылымның жазуынша, Toyota жүргізушісі автобусты өткізбей қойып, жол ережесін бұзған. Автобус жүргізушісі жол апатын болдырмас үшін қолынан келгеннің бәрін жасағанымен, екі көлік соқтығысып қалған.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Соқтығысу нәтижесінде жапон көлігі алдыға қарай ұшып кетіп, жол шетінде тұрған басқа көліктерге соғылған.

Бірінші болып Toyota Lada Largus көлігіне соғылған. Салдарынан ресейлік темір тұлпар арыққа ұшып кеткен. Кейін Avalon көлігі Toyota Camry-ге соқтығысты. Ол да арыққа ұшып кете жаздап, қасындағы Toyota Corolla көлігін соққан.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Toyota Corolla бағанаға соғылды.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Жол апатының салдарынан автобуста отырған екі бала зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.

Басылымның жазуынша, Toyota Avalon жүргізушісі көлігінің рөлі оң жағында болғандықтан аман қалған. Себебі, басты соққы көліктің сол жағына жасалған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel