RU
Виктор Орбан Назарбаевқа: Біз сізді Мажарстанның нағыз досы санаймыз
Жаңалықтар Саясат және экономика

Виктор Орбан Назарбаевқа: Біз сізді Мажарстанның нағыз досы санаймыз

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбан. Фото: Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев пен Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбан. Фото: Ақорда

Кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

"Сіз біздің елге өте ерекше кезеңде келіп отырсыз. Қазақстанның Мажарстанға және Өзіңізге деген ілтипаты зор. Сіз – өзіндік ұстанымыңыз бар Еуропа саясаткерісіз", – деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Виктор Орбан тыныштық пен тұрақтылық жағдайында жүзеге асырылған Қазақстандағы билік сабақтастығына жоғары баға берді.

"Сіз осындай күрделі үдерісті тұрақтылық жағдайында іске асырдыңыз. Мұны жүзеге асыру оңай емес. Адамдар үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты арта түседі.
Сондықтан, мен Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз сізді Мажарстанның нағыз досы санаймыз. Сондықтан, біздің елге шақыруымды қабыл алсаңыз, біз үшін зор мәртебе болар еді", – деді Мажарстанның премьер-министрі.      
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel