RU
"Бас тартып отырмын": Перуашев президент сайлауына неге түспегенін айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Бас тартып отырмын": Перуашев президент сайлауына неге түспегенін айтты

Рассказать Вконтакте

"Ақ жол" партиясының съезінде партия көшбасшысы Азат Перуашев алдағы президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Азат Перуашев, аkzhol.kz

Фото: Азат Перуашев, аkzhol.kz

"Осы сайлауға қатысудан бас тартып отырмын. Неге десеңіздер, біріншіден біздің партиямыз парламенттік жүйені қалайды. Бұл біздің сайлау алдындағы бағдарламамыздың жобасында да айтылған. Бірінші орында парламенттік сайлау болуы керек", - деді Перуашев өзі жетекшілік ететін партияның съезінде.

Ол бұл тек өзінің көзқарасы емес, Алаштың қалауы болғанын атап өтті.

"Алаштың конституциясында осындай талап, ұстаным болған", - деді ол.

Перуашев "Ақ жол" партиясын тек өзімен байланыстырмауға шақырды.

"Партия және партия төрағасы – бұл бір деген түсініктен кету керек. Бүгінде біз өңірлердегі партия көшбасшыларының да ұлттық деңгейде партия төрағасына бәсекелес бола алатынын, маңызды идеялар ұсына алатынын көріп отырмыз. Монополизм – табысты дамудың басты жауы. Егер біз партияның дамығанын қаласақ, бәсекені күшейтіп, жаңа тұлғаларға жол беруіміз керек. Сондықтан мен президент сайлауына қатыспау туралы шешім қабылдадым", - деді ол.

Айта кетсек, бүгін "Ақ жол" партиясының құрылтайы өтіп, алдағы кезектен тыс президент сайлауына түсетін үміткер таңдалды.

Көпшілік дауысымен мәжіліс депутаты Дания Еспаева партия атынан президенттік сайлауға түсетін болды.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel