RU
Дания Еспаева "Ақ жол" партиясының атынан президенттіке үміткер атанды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дания Еспаева "Ақ жол" партиясының атынан президенттіке үміткер атанды

Рассказать Вконтакте

"Ақ жол" демократиялық партиясының атынан алдағы президент сайлауына түсетін үміткердің есімі белгілі болды. Ол Дания Еспаева деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дания Еспаева. Фото: top-news.kz

Дания Еспаева. Фото: top-news.kz

Дауыс берудің нәтижесі белгілі болды.

Съездге қатысушылардың 49 пайызы Дания Еспаеваның кандидатурасын қолдап дауыс берген.

"Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауға біздің партияның атынан ресми түрде кандидат ретінде Дания Еспаева ұсынылды", - деп хабардар етті Азат Перуашев.

Еске сала кетейік, күні кеше БАҚ беттерінде "Ақ жол" партиясының атынан президенттік сайлауға әйел адамның түсуі мүмкін екені жайлы ақпарат тараған болатын.

Айта кетейік, Дания Еспаева президенттік сайлауға түсіп жатқан алғашқы әйел адам.

Сіздің реакцияңыз
17
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel