RU
Еспаева: "Әйел өз орнын білу керек" деген әріптестерімнің сөзі көңіліме тиді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Еспаева: "Әйел өз орнын білу керек" деген әріптестерімнің сөзі көңіліме тиді

Рассказать Вконтакте

Дания Еспаева "Ақ жол" партиясының атынан президенттік сайлауға түсу үшін өз кандидатурасын ұсыну туралы хабарды қалай қабылдағанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Дания Еспаева, top-news.kz

Фото: Дания Еспаева, top-news.kz

Еспаеваның сөзінше, Азат Перуашевтың ұсынысы ол үшін күтпеген жағдай болған.

"Осы мәжілісте біздің кейбір ер азаматтарымыздың тарапынан қазақтар арасында әйел адам ешқашан көз бастамаған және ол қашан да өз орнын білу керек деген сөздер естілді. Бұл менің көңіліме тиді.
Содан кейін мен неге әйелдер ешбір сыбайлас жемқорлық ісіне қатысы жоқ екенін ойлай бастадым. Бүгін бізде жемқорлар кімдер? Олардың басым бөлігі ер адамдар. Ал тәртіп қайда? Әйелдер бар жерде.
Білетіндеріңіздей, Қазақстан халқының 52 пайызы әйелдер. Басты мәселе қандай? Көпбалалы отбасылардың, аналардың мәселесі. Мен әйел, ана ретінде мәселенің дұрыс әрі шынайы шешімін таба аламын деп ойлаймын.
Себебі бүгінгі шешімдер - бір сәттік шешімдер. Елордада бес баланың мәселесі туындап еді, тездетіп шешілді. Алайда мен ұзақ мерзімді стратегия болу керек деп есептеймін.
Тек көпбалалы отбасылар мен аналарды емес, кәсіпкер әйелдерді де қолдау керек. Неге олай жасамасқа? Кәсіпте әйелдерге үлкен салмақ түседі. Кәсіпкер әйелдердің мәселесі көп.
Менің ойымша, артықшылықты сіздер әйел адамдарға беру керексіз. Өйткені ол сіздің анаңыз, қызыңыз, әйеліңіз. Мен халықтың осы бөлігін қорғауға алуым керек және менің ойымша, бұл менің қолымнан келеді", - деді Еспаева партия мүшелері алдында сөз сөйлеу кезінде.

Сіздің реакцияңыз
9
3
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel