RU
Президенттіке үміткер атанған алғашқы әйел адам туралы не білеміз?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Президенттіке үміткер атанған алғашқы әйел адам туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

«Ақ жол» партиясы Қазақстан президенттігі сайлауына үміткер ретінде Дания Еспаеваны ұсынды. Алғаш рет Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер болған әйел адам туралы кей мәліметтерді KAZ.NUR.KZ назарыңызға ұсынады.

Фото: Дания Еспаева, top-news.kz

Фото: Дания Еспаева, top-news.kz

Дания Еспаева Ақтөбе облысының Яйсан ауылында 1961 жылы дүниеге келген. Қазір жасы 58-де.

Ол ажырасқан, екі ұлы бар.

1982 жылы Алматы есеп-кредиттік техникумның түлегі болды, ал 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді. Дания Мәдиқызы мамандығы бойынша экономист.

Еңбек жолын 1982 жылы Ақтөбе облысындағы КСРО мемлекеттік банкінің басқармасындағы несиелендіру бөлімінде экономист болып бастаған.

1998 жылдан бастап "БТА" Банкі АҚ құрылымында жұмыс істеді.

Жалпы алғанда, банк саласында Еспаева 34 жыл жұмыс істеді. 17 жылдан астам басшылық қызметтерін атқарды.

2014 жылдан бастап «Казкоммерцбанк» АҚ ақтөбелік филиалының директоры.

Сондай-ақ, үміткердің халықаралық марапаттары бар.

Дания Еспаева 2011 жылы өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласқаны және оның экономикасын дамытуға үлес қосқаны үшін "Құрмет" орденімен, сондай-ақ мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай медальмен марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстанның қаржы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін "Үздік қаржыгер" қоғамдық медалімен марапатталған.

Еспаева мемлекеттің қоғамдық өміріне белсенді араласып, қайырымдылықпен айналысады.

14 жылдан астам уақыт Ақтөбе облысы әкімдігінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.

Естеріңізге сала кетсек, "Ақ жол" партиясы Дания Еспаеваны президенттікке үміткер ретінде ұсынған болатын. Алғашқы үміткер-әйел өзінің президенттіке сайлануы туралы хабарды қалай қабылдағанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
19
2
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel