Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Опубликовано:

Ақмола облысында полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. Бұл лауазымды полиция генерал-майоры Біләлов Берік Сұлтанғазыұлы иеленді деп хабарлайды ҚР ІІМ-не сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Біләлов Берік Сұлтанғазинұлы, ІІМ баспасөз қызметі
Фото: Біләлов Берік Сұлтанғазинұлы, ІІМ баспасөз қызметі: Depositphotos

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев пен ІІМ басшысының орынбасары Алексей Калайчиди өңір полицейлеріне жаңа басшысын таныстырды.

Берік Біләлов 1963 жылы дүниеге келген. ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің түлегі.

Құқық қорғау органдарына жұмыс істеуге 1990 жылы келген. Полицияда қызмет еткен жылдары орта, үлкен және жоғары басшылық құрамның түрлі лауазымдарында жұмыс істеп үлгерді.

Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін СҚО полиция басшысы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1790885-akmola-oblysy-policia-departamentini-zaa-bassysy-tagajyndaldy/

pixel