Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жиіркенетінмін": 10 жыл бойы қарияларды баққан маман өз кәсібі жайлы айтып берді

Опубликовано:

10 жылға жуық уақыт бойы қарияларға қарап, оларды баққан маман мұндай кәсіпке төзімділік қажет екенін айтады. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген кейіпкер, аталмыш кәсіпке қалай келгенін жеткізді.

Көрнекі фото: Gorod.lv
Көрнекі фото: Gorod.lv: Instagram

Елордалық Айгүл (авт. есімі кейіпкердің өтініші бойынша өзгертілді) өмірінің он жылдан астам уақытын қарияларды бағуға арнаған. Бүгінде жеке кәсіпке бет бұрған келіншек, аталмыш қызметтің қаншалықты қиын болатынын айтып берді.

"Ол кезде жасым 25-те ғана болатын. Мұғалім болып жарытып ақша таппағандықтан, басқа жұмыс іздей бастадым. Сосын танысымның туысы төсекке танылған анасына күтуші іздегенін білдім. Айлығы тәуір болған соң келістім. Енді шыны керек, бала қарау бір де, үлкен кісіге қарау тіптен қиын болады екен. Қимыл-қозғалыссыз жатқан адамның тамағын беріп, дәретін алудың өзіне шыдам мен төзім керек еді.
Басында үлкен адамның дәретін алып, жуындыруға да жиіркенетінмін. Бірақ шешейдің көз жасын көріп, жүрегім ауырып, жұмысыма үйрене бастадым. Ондай адамдар өмірлерінің сызығы қашан бітеді екен, қашан балаларына масыл болмай, о дүниеге аттанады екенмін деп жатады. Сондай ойларын, мұңлы көздерін көріп, тіптен сабаға түсетінмін. Солай-солай үйрендім. Ал әлгі адам өмірден өткенде, туғанымнан айырылғандай күй кештім", - деп ескі алды маман.

Келіншек сол оқиғадан кейін өзге де қариялардың күтушісі болып жұмысқа тұрған.

"10 жылдан 6 адамды бақтым. Бірі ақыл-есі дұрыс болса, енді бірі тіпті өң-түсін айыра алмайтын адамдар еді. Мұндай қызметке ауқатты адамдар жүгінеді. Жұмыс ауыр болғандықтан, жалақысы да жоғары болатын. Қазіргі кәсібімді шыны керек, сол жылдар бойы жиған-терген ақшама ашып отырмын.
Бір жағынан сол кісілердің маған берген батасы ма деп те ойлаймын. Балаларым есейіп, өз күшімен оқуға түсті. Жолдасымның да жұмысы өсіп, тілеуіміздің бәрі біртіндеп орындалып жатыр. Құдай сөзімді көп көрмесін, бірақ қазіргі өміріме шүкір деймін", - деді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790900-ziirkenetinmin-10-zyl-bojy-karialardy-bakkan-maman-z-ksibi-zajly-ajtyp-berdi/

pixel