RU
Головкин бапкерінен кететінін ресми түрде мәлімдеді
Жаңалықтар Қоғам

Головкин бапкерінен кететінін ресми түрде мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин ресми түрде өз бапкері Абель Санчеспен енді жұмыс істемейтінін айтты. Бұл туралы боксшы Instagram парақшасында хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Головкин өз мансабындағы маңызды шешімді қабылдағанын атап өтті.

"Мен Абель Санчеспен жаттығуды жалғастырмаймын. Бұл шешімді қабылдау мен үшін оңай болған жоқ және бұл Абель Санчестің қабілеттерімен байланысты емес. Ол өте мықты әрі сенімді жаттықтырушы", - деп жазды GGG.

Сондай-ақ, Головкин жақында жаңа бапкерін таныстыратынын айтты.

Жазбаға пікір қалдырған желі қолданушылары қазақстандық боксшыны енді кім жаттықтыратынын табуға тырысты.

Көпшілік GGG-дің жаңа бапкері ретінде Анатолий Ломаченконы көргілері келетінін жеткізді.

Айта кетейік, 8 маусым күні Головкиннің жеңілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болады. Қазақстандық боксшы келесі кездесуде шаршы алаңға Стив Роллспен шығады.

Отандасымыз 8 маусымдағы өз шоуында тағы бір қазақстандықтың бой көрсетуі мүмкін екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
7
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel