RU
ІІМ бірінші шілдеден бастап жүргізуші куәлігін бермейді
Жаңалықтар Қоғам

ІІМ бірінші шілдеден бастап жүргізуші куәлігін бермейді

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың бірінші шілдесінен тіркеу-емтихан бөлімін алып тастайды. Бұл бөлімнің қызметтері арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беріледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: Sputnik

Көрнекі фото: Sputnik

Енді 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алғысы келетіндерден теориялық, практикалық сынақтарды халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары қабылдайтын болады.

Көлік құралдарын тіркеуге қажетті құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты полицей салықтық, кедендік және басқа билік органдарының деректер базасынан қашықтан тексереді.
Яғни жүргізуші куәліктерін беру және көлік құралдарын тіркеу кезінде полиция азаматтармен де, мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен де байланыса алмайды", - деп атап өтті ведомстводан.

Айта кетейік, құжаттарды тексеру үшін өтінімдерді бөлу полиция қызметкерлері арасында автоматты түрде жүргізіледі. Бұл адам факторын жояды.

Ал арнайы ХҚКО жоқ қалаларда тіркеу-емтихан бөлімінің міндетін қарапайым ХҚКО-лар атқаратын болады.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
0
18
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel