Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқтар Серіков аруларға тізерлеп ұсыныс жасайтын жігіттерге қарсы шықты

Опубликовано:

Отандық эстарда жұлдызы Тоқтар Серіков қыздың алдында тізе бүгетін жігіттерге ренішін білдірді. Әншінің өзі жұбайының алдында тізерлеп тұрмақ түгілі, ешқашан кешірім сұрамағанын айтты. Бұл туралы ол "Ел аузында" бағдарламасына мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: insta-stalker.com
Фото: insta-stalker.com: Facebook

Серіков арулардың алдында тізе бүккен жігіттерге кеңес берді.

"Қазіргі жастарға таң қаламын. Үйленбей жатып, жүзік тақса да, үйленейікші деп келісімге отыратын күні де тізерлеп отырады. Ер-азаматқа түк жараспайтын тірлік. Менің осылай жасап жатқан бауырларып ойлансын, керегі жоқ, есте қалатын дүние емес. Кейін өкініште қалатын дүниелер. Қыз баланың алдына тізерлеп бармасаң да, сөзіңді қабылдап тұр ғой", - деді ол.

Әнші осы уақытқа дейін жұбайы Бейбіт Сейдуалиеваның алдында тізерлеп тұрмағанын алға тартты. Ол, тіпті, жіберген қателіктері үшін кешірім де сұрамаған екен.

"Өмірі жеңгеңнің алдында тіземді бүгіп, дүние беріп, гүл сыйлап көрмеппін. Жеңгеңнің алдында менің қателіктерім көп болған. Жас кезімде. Жеңгең әлі күнге дейін ер-азамат сияқты бір кешірім де сұрамадың дейді.
Мен қателігімді кешірші деп кешірім де сұрап көрмеппін. Ол тік мінездік емес, еркекке тән қасиет болу керек. Әркім әйеліне қарап жасайды. Мысалы, менің әйелім менің еркелігімді де, қателігімді де түсіне білді", - деді Серіков.

Тоқтар мен Бейбіттің әндерін "Музыка Нур" қосымшасында тындаңыздар>>

Премиум қол жеткізуді Tele 2 мен ALTEL-ден су тегін алыңыз. Толығырақ>>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1790929-tk-zaraspajtyn-tirlik-toktar-serikov-arularga-tizerlep-synys-zasajtyn-zigitterge-akylyn-ajtty/

pixel