RU
Жоғары соттың бес судьясы қызметінен босатылды

Жоғары соттың бес судьясы қызметінен босатылды

Рассказать Вконтакте

Бүгін парламент сенатының жалпы отырысында мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Қазақстанның жоғарғы сот судьялары қызметінен босатылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: sud.gov.kz

Фото: sud.gov.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Еліс Әбдіқадыров Жоғары сот судьясы қызметінен босатылып, Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Ғалия Аққуова, Әділ Құрықбаев, Амангелді Сәрсенбаев және Моряк Шегенов отставкаға кетті.

Мемлекет басшысының ұсынымын сенап депутаттары бірауыздан қолдады.

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева лауазымынан босаған судьяларға алғысын білдіріп, табыс тіледі.

"Басқа судьялық қызметке тағайындалған және отставкаға шыққан судьяларға еліміздің сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Көп жылдар бойы сот саласында жинаған мол тәжірибеңізді жастармен бөлісесіздер деп сенемін. Болашақта сіздерге мықты денсаулық, мол табыс тілеймін", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel