RU
"Біреуді теуіп жүрме": Ердос Қанаев Бағлан Әбдірайымовқа елде жоқ аяқ киім сыйлады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Біреуді теуіп жүрме": Ердос Қанаев Бағлан Әбдірайымовқа елде жоқ аяқ киім сыйлады (фото)

Рассказать Вконтакте

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Ердос Қанаев досы Бағлан Әбдірайымовқа ерекше аяқ киім сыйлады. Бұл туралы әнші өз Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ. Фото: Instagram/ erdoskanaev

Коллаж NUR.KZ. Фото: Instagram/ erdoskanaev

Әнші әріптесіне елде жоқ аяқ киім сыйға тартып, әзіл аралас кеңес берген.

"Досым саған ұнайды деген сенімдемін. Баяғыдан арманың еді ғой. Досың болып осы арманыңды орындай алмасам, неғып жүрмін қасыңда? Айдар, Мырзаxандар әпермей-ақ қойсын. Мен алып бердім, мен алып бермесем, Ердос атыма сын болар еді.Игілігіңе ки, досым. Аяғыңда тозсын. Мақтанып, біреуді теуіп жүрме", - деп жазды Қанаев.

Бұл жазбаны көрген жұрт күлкіге қарық болып, түрлі пікірлер қалдырған.

"Әзілді өлтіресіздер ғой", "Сіз сондай керемет жансыз", "Әзілің жарасса, атаңмен ойна" , "Сахнада киіп тұрғаны елестеп тұр", "Сахна төрінде тоздырсын" деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз
4
3
2
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel