RU
"Сағындым": Гүлзира Айдарбекованың анасына арнаған жазбасы жұртты жылатты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Сағындым": Гүлзира Айдарбекованың анасына арнаған жазбасы жұртты жылатты

Рассказать Вконтакте

Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекованың марқұм анасына арнаған жазбасы көптің көңілін түсірді. Қайрат Нұртастың анасы жер қойнауына тапсырған жақынын сағынғаны туралы өз Instagram парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instsgram/ gulziraaidarbekova

Фото: Instsgram/ gulziraaidarbekova

Продюсер анасын еске алғанда бір күліп, бір жылайтынын айтты.

"Кетер әкең де, анаң да кетер, Кеткенше саған алаңдап өтер, Тірі кезінде құрметте бәрін, Өкпелегенше заманға бекер! Анашым, енді сенің бейнебаяның мен суреттеріңе үңіліп еске алғаным болмаса, жүзіңді көріп, маңдайыңнан иіскемек түгілі, телефоннан дауысыңды да ести алмаймын. Тек құранымыз ғана саған жеңілдік болар. Сізден айрылғанымыз ұл-қыздарыңды жақындастырып кеткендей, күйбең тіршілікпен іздеуді де ұмытушы едік, енді міне ватсап арқылы xабарласуымыз жиілеп, күнде өзіңді айтумен бір күліп, бір жылап өмір жалғасуда.
Дәрібай атамыздан тараған жалғыз тұяқ әкемізді үлкен әулет етіп, 5 ұл, 3 қыз, 31 немере, 59 шөбере сүйдірген сен біз үшін ең сұлу анасың! Анашымның әкесі Башар атамызға ешкім қарсы келмейтін өте үлкен молда болыпты. Парасатты кісілерді жер аударуға үкім шығарғанда, елден кетпеймін деп, Қазақстанымызда көз жұмайын деп дұғада болып, өз жерінде көз жұмыпты. Анашымның есімін әкесі Зейфунун деп ерекше атаған екен, бұл есімді әлі күнге ешкімнен кездестірмедім. Жаның жәннәтта болсын анашым! Сағындым", - деп жазған Айдарбекова.

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары продюсерге бекем болу қажеттігін жеткізді. Олар Айдарбековтер жанұясына сабырлық пен қайсарлық тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртастың әжесі 6 сәуір күні бақилық болды.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel