Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шри-Ланкада тағы бір жарылыс болды

Опубликовано:

Шри-Ланка астанасы Коломбодан шығысқа қарай 40 шақырым жерде тағы бір жарылыс болды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: rbc.ru
Фото: rbc.ru: UGC

Оқиға бейсенбі күні Пугода ауданында орын алған деп хабарлануда. Құрбан болғандар мен жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Оқиға орнында полиция өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Ada Derana электронды басылымының мәліметінше, жарылыс даусы қатты шыққан жоқ. Қалалық сот маңындағы қоқыс жәшігі жарылыпты.

"Жарылыс пен өткендегі теракті арасында қандай да бір байланыс бар деп есептеуге негіз жоқ" деп жазды БАҚ.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын Шри-Ланкада сегіз жарылыс орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1791000-sri-lankada-tagy-bir-zarylys-oryn-aldy/

pixel