RU
Әсел Сәдуақасова: Күйеуім мен екі балам болады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әсел Сәдуақасова: Күйеуім мен екі балам болады

Рассказать Вконтакте

Әсел Сәдуақасова бір жылға шығармашылықтан қол үзіп, демалуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Алайда, өнер сүйер қауым актрисаның кино түсіруден үзіліс алуына жасырын түрде отбасын құрғаны себеп болған деп болжауда. Тарап кеткен қауесеттер салдарынан отандық жұлдыз ел көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, жеке өміріне қатысты бар шындықты ашты деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы бір жылғы демалысында немен айналысатыны мен отбасын құру мәселесіне қатысты тың мәліметтермен бөлісті.

"Аса ауқымды жұмыс атқарылғандықтан, мен өзіме демалыс жариялай аламын. Төрт жыл бойы мен ұйқы мен демалыссыз еңбектендім. Қатты шаршадым. Оның үстіне, мен бастапқыда алдыма қойған мақсатыма қол жеткізгенімді енді түсіндім. Атақты әрі танымал продюсер және актриса болу менің қолымнан келді. Бір жылсыз мені ешкім көрмейтін болады" , - деді Сәдуақасова.

Оған қоса, актриса үзіліс жариялауына қалыңдық атануы себеп болғанына қатысты жауап берді.

"Меніңше, жеке өмір мен жұмыс қатар жүру керек. Бірде-бір азамат мені райымнан қайтара алмайды.

Себебі, ол өз-өзіне жасалған сатқындық емес пе? Менің шоу-бизнесте жүргеніме 17 жыл болды.

Мен жетістікке жету жолымда ерең еңбек еттім. Оның үстіне, маған менің танымалдылығымды көтере алмайтын әлсіз ер адам қажет емес.

Мені ұнататын азаматтар көп. Алайда, олардың көбі менімен таныспай жатып, қорқақтайды. Мен бұл жерде әлсіз деп тұрғаным материалдық тұрғысынан емес. Мен ер адамның эмоционалды жетілуін меңзеп тұрмын.

Әзірге отбасын құруды ойлап жүргем жоқ. Дәл қазір маған жалғыз болған ыңғайлырақ. Психологиямен айналыса бастап, біздің қоғамда бойжеткендердің қай жаста тұрмысқа шығуы керектігі жөніндегі сөздердің түкке тұрғысыз дүние екенін ұқтым. Мен "тұрмысқа шығу керек, уақыт келді" деп отбасылы болғым келмейді. Жас кезінде үйленген таныстарымның көпшілігі ажырасып кеткен. Олардың қазіргі жағдайы менен де жақсы деп ойлайсыздар ма?
Әзірге менімен ойы бір жерден шығатын адам маған жолықпады. Біз "қанша бала болуы керек", "қалай тәрбие берген дұрыс", "сенбілерде немен айналысамыз" дейтін сұрақтарға жауабымыз бір болу керек. Бірақ бір айтарым - мен ешқашан жалғыз қалмаймын. Мен бар болған 34 жастамын. Қазір мен дұрыстап демалып, өміріме қажетті адамды кіргіземін. Менің күйеуім мен екі балам болады" , - деп қайырды актриса.

Материалды көшіріп-басуды тек "Время" басылымының рұқсатымен ғана іске асыруға болады.

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
1
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel