RU
Алматы әуежайының экс-президенті мүлікті талан-таражға салды деген күдікке ілінді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Алматы әуежайының экс-президенті мүлікті талан-таражға салды деген күдікке ілінді

Рассказать Вконтакте

Алматы әуежайының бұрынғы президенті Айбол Бекмұхаметов өзіне сеніп тапсырылған бөтен адамның мүлкін талан-таражға салғаны үшін күдіктелініп жатыр. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 189 бабы, төртінші бөлімі, екінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айбол Бекмұхамбетов. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Айбол Бекмұхамбетов. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бастапқыда оған 2019 жылдың алтыншы сәуірінен бастап, екі айлық мерзімге үй қамағы ретінде бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын.

Алайда, Бекмұхамбетов қалалық сотта бұл санкцияға шағым түсірген. Нәтижесінде, ол өзіне тағайындалған бұлтартпау шарасын 3500 АЕК көлеміндегі кепілдікке ауыстырып алды. 3500 АЕК 8 837 500 теңгеге тең.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 16 тамызында Алматы әуежайының бұрынғы президенті Айбол Бекмұхаметов өз еркімен мәслихат депутаты қызметінен кетті.

2018 жылдың 11 маусымында Айбол Бекмұхамбетов Алматы әуежайының президенттігінен отставкаға кеткен. Бұл лауазымды орында шенеунік 2009 жылдан бастап отырған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel